Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл әуежайының сенімгерлік басқару бойынша кімге берілгені белгілі болды

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 23:02 Сурет: Instagram/upt_ad_sko
Петропавл әуежайы Алматыда тіркелген "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news Солтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының түсініктемесін алға тартты.

Әуежайды сенімгерлік басқаруға 3 рет беруге тырысты, тек төртінші ретінде аукцион өтті. 5,6 млрд теңгеге бағаланған кәсіпорын сенімді басқаруға (кейіннен сатып алу құқығымен!) екі есе аз сомаға - 2,8 млрд теңгеге кетті.

СҚО Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы түсіндіріп өткендей, баға ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығы бойынша бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес төмендетілді.

Бұл байқауға қатысу үшін мемлекет кірісіне қайтаруға жатпайтын 850 млн теңге көлемінде ақша төлеу қажет болғанын атап өткен жөн. СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі

Бұдан ары қарай мүлікті акт бойынша өткізіп беру және сенімгерлік басқару шартына қол қою рәсімі жүргізілетін болады.

Сондай-ақ мүлік мемлекеттік меншік болып қала береді, егер сенімгерлік басқарушы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындаған жағдайда, 5 жыл өткеннен кейін ғана оны жекеменшікке беруге болады. Сенімгерлік басқарушы мүлікті басқару және әуежайдың қаржылық қызметін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауға міндетті. СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі

Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: