Қазақстанда жастарға өз ісін ашуға несие берудің жаңа механизмі әзірленді
Атап айтқанда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін жастарға шағын несие беру бойынша қосымша ұсынылып отыр.
Микрокредит алуға өтінішті жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту мерзімі 5 жылдан аз жұмыссыздар қатарындағы жастар, кәсіпкерлер бере алады.
Несие алу шарттары:
шағын несие беру мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы жобалары бойынша 7 жылға дейін;
микрокредиттің ең жоғары сомасы 5 миллион теңгеге дейін;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5%-дан аспайды;
салықты төлей алу мүмкіндігі;
негізгі борышты өтеу және сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі микрокредит беру мерзімінің ұзақтығының 1/3 бөлігінен аспауы керек;
салық органдарында тіркелу.
Құжат 2 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.