Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды

бизнес, кәсіп, іскерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 14:38 Сурет: pexels
Қазақстан шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді 2023 жылдың соңына дейін ұзартты. Бұл туралы 23 қарашада мәжіліс алаңында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте Ұлттық экономика министрі ШОБ субъектілері тарапынан қиянат болмауы керек екенін атап өтті.

"Егер ШОБ субъектісінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болса, мемлекет бірінші басшының шешімімен әрқашан тексеруге баруға құқылы", - деді Әлібек Қуантиров.

Айта кетейік, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіліп, оның әрекеті 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуға тиіс еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: