Қазақстанда жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4% құрады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров Қазақстанның 2022 жылдың төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызды құрады. Есепті кезеңде негізгі тенденциялар бойынша нақты секторда өсудің үдеуі, экспорттың біртіндеп артуы, қызмет көрсету саласында тұрақты динамика байқалады. Әлібек Қуантиров
Ұлттық экономика министрлігінің басшысы нақты сектордағы өсім 5,1 пайызды құрағанын атап өтті. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.
Оң өсуді көрсететін салалар:
сауда – 9,6%-ға,
құрылыс – 9,5%-ға,
көлік және қойма шаруашылығы – 8,4%-ға,
ақпарат және байланыс – 7,1%-ға,
өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға,
сумен қамтамасыз ету – 5,4%-ға,
тау-кен өнеркәсібі – 4,4%-ға,
ауыл шаруашылығы – 1,9%-ға.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 2,3%-ды құрады. Инвестициялар білім беруге 87%-ға, мемлекеттік басқаруға, әлеуметтік қамсыздандыруға – 74,1%-ға, құрылысқа – 61,9%-ға, ғылыми-техникалық қызметке – 53,7%-ға өсті. Әлібек Қуантиров
Өңірлік тұрғыда үздік көрсеткіштер Шымкентте – 73,2%-ға, сондай-ақ Ақмола облысында – 30,9%-ға және Алматыда – 21,3%-ға жоғары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript