Азаматтық авиация комитеті FlyArystan-ның орындалмаған рейсіне қатысты түсінік берді
Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, рейс ауа райына байланысты орындалмады, әуе компаниясы тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 25 ақпанда "Fly Arystan" әуе компаниясының Астана-Шымкент КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде сағат 05-40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуе жайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды". ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті
Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактілері бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілгені де нақтыланады.
"Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылды. Сондай-ақ, өтініш білдірген барлық жолаушыларға билеттерді толық қайтару рәсімделді".
Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.
Комитеттегілер азаматтық авиациядағы басты басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылатыны ерекше атап көрсетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript