Жаңалықтар тізбегі
0

Зекетті зейнетақы жарнасынан беруге бола ма

ақша, қаржы, зекет, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 17:47 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы зейнетақы жарнасынан зекет беруге болатын-болмайтынын түсіндіріп, үкімін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның қолданыстағы зейнетақы жүйесі көпдеңгейлі.

  • Бірінші деңгей мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін (ортақ және базалық зейнетақы төлемдері) қамтиды.

  • Екінші деңгей қызметкерлердің 10% міндетті зейнетақы жарналарын және жұмыс берушілердің зиянды жағдайда еңбек ететін қызметкерлерінің табысынан 5% көлеміндегі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қамтитын міндетті жинақтаушы жүйені білдіреді.

  • Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері қамтылатын ерікті жинақтаушы жүйе.

Негізінде зекет берілетін мал-дүние «толық мүлік» болуы шарт. Зекет берушінің сол дүниеге иелік етуі, өз еркімен жұмсай алуы және қолында болуы міндет. Сондықтан шариғат зейнетақы қорында жиналған ақшадан зекет беруді міндеттемейді. Себебі заңда көрсетілген кейбір жағдайларды есепке алмағанда Қазақстан азаматының өз есепшотындағы қаржысын мезгілінен бұрын алуы заңмен шектелген, – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

Зекеті берілетін мал-дүниеде өсу қабілеті болу керек. Ал өз еркімен жұмсай алмайтын мал-мүлікте өсу қабілеті болмайды.

Демек зейнетақы қорында жиналған қаржыдан ешкім зекет беруге бұйырылмайды. Мерзімі жетіп немесе басқа себептермен зейнетақы қорынан қолына тиген ақшадан ғана зекет беріледі. Ақшаның қорда жатқан күндері үшін зекет алынбайды, – деп толықтырды ҚМДБ ресми сайты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: