Тіске брекет салу шариғатқа қайшы ма

тіс дәрігері, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 17:23 Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тіске брекет салу шариғат тұрғысынан құпталатын-құпталмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Емделу, айыбын жасыру және әсем көріну мақсатында тісіне брекет салып, қисық тісін түзетуге шариғат рұқсат береді. Тісін түзету, оны қалпына келтіру Алланың жаратқан келбетін өзгерту болып саналмайды. Брекет салдырған адам күнәһар болмайды. Сонымен қатар брекет салу дәрет пен ғұсылға кедергі етпейді, - делінген ҚМДБ-ның Instagram-дағы парақшасында.

Басқарма өкілдері Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) үйінен шыққанда да, үйіне қайтып келгенде де және әр намаз оқыр алдында тісін тазалағанын айтты. Ол түнде таһажуд намазынан бұрын тіс тазалауды бұйырған. Себебі «періштелер хош иіске жақындайды» деген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: