Жаңалықтар тізбегі
0

Ботокс жасату жөнінде шариғат не дейді

дәрі, медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 18:19 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ботокс жасату туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрандағы «Ниса» сүресінің 119-аятында былай делінген: Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкенін ескертеді: «Оларға Алланың жаратылысын өзгертсін деп әмір етемін».

Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салғызғанды, қас терушіні, қас тергізгенді, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды, Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағынеттеді», – деген.

Демек артық әсемдік үшін немесе табиғи кәрілікті жасыруға, табиғи бейнеден тыс жаратылысты өзгертуге алып барса, сонымен бірге одан айлакерлік пен көзбояушылықты ниет етсе, онда шариғатымыз ботокс жасатуға қатаң түрде тыйым салады. Алайда адам мүшесіндегі қандай да бір ақауды кетіру, туабітті немесе кейіннен пайда болған кемістіктерді қалпына келтіру секілді қажет емделу іс-әрекеттеріне рұқсат беріледі, - делінген Мұнара газетінде.

Дегенмен ботокстың зияны басым немесе зияны мен пайдасы тең болса, онда оны қолдануға тыйым салынады. Себебі шариғатымызда өзіне де, өзгеге де зиян тигізуге рұқсат жоқ. Сонымен қатар екі зиян нәрсе тап болса, оның жеңілі қалдырылып, үлкені жойылады делінген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: