Жаңалықтар тізбегі
0

Ауызашар уақыты ұшақта қалай анықталады

Ауызашар уақыты ұшақта қалай анықталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 17:56 Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әуеде ұшып келе жатқан кездегі ауызашар уақыты туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқарма "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабына сілтеме жасап, ораза ұстаған жандар ұшақта қалай ауыз ашатынын нақтылап берді. Мамандар қазір көбі қолданатын намаз уақыттары мен Рамазан айына арналған ораза тұту кестелерінде белгіленген күннің батуы тек жазықты жер үстінде жүргендер үшін арналғанын ескертті.

"Құран кәрім мен хадистерден дәлелдерді алға тартып ғұламалар тұрғылықты және сапардағы адам өзі тұрған жерінде күннің батуымен және бұлтты күні айналаға қараңғы түскеннен бастап ауыз ашатындығын айтқан. Жер шарының шығыс пен батыс бөлігінде түн мен күннің алмасу уақыттары әртүрлі болатыны сияқты, жерден жоғары қарай биіктеген сайын күннің бату мезгілі өзгереді. Ғалымдар бұл мәселеде Александрия қаласында болған тарихи мұнараның биіктігіне сай үкім берген. Яғни, қазіргі таңда шамамен 50 қабатты биік ғимараттардың және таудың басында тұрған адам өзінен төменгі жазық жердің ауыз ашар уақытына қарап ауыз ашуы дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда ораза тұтушы ең әуелі күннің батқан сәтін анықтап, ауыз ашу уақытын нақтылағаны жөн", - деп хабарлады ҚМДБ.

"Сондықтан биікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін аузын ашады. Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап аузын ашқаны дұрыс болады", - деп қосты басқарма мамандары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: