Қазақстанның бүкіл өңірі бойынша ораза кестесі жарияланды
![Ораза айы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 19:12](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-e47075a1-1124-45bb-84fe-b0349a32dc3b/800x450.webp)
Бүкіл Қазақстан бойынша 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.
Сондай-ақ ҚМДБ төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен 2023 жылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілгенін де хабарлайды.
Рамазан айынының бірінші күні бейсенбі - 23 наурызға сай келеді. Бұл күні, мәселен астаналықтар таңғы сағат 5:39-ға дейін ауыз бекітіп үлгеруі керек, ал кешкі сағат 19:36-да ауыз ашуға асығады. Ақтаулықтар сәл кеш, яғни таңғы сағат 6:15-те ауыз бекітсе, ауыз ашар уақыт кешкі сағат 19:54-ке сай келеді. Яғни, өңірлер бойынша ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытында белгілі бір деңгейде айырма барын еске саламыз.
Әр өңір бойынша ораза кестесімен мына арадан таныса аласыздар.