Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылдан бастап утилизациялық алым мөлшері өседі

Утилизациялық алым, ескі көлік, алым мөлшері , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 09:40 Сурет: pixabay
Елімізде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері 2917 теңгеден 3063 теңгеге өседі. Сәйкесінше утилизациялық алым мөлшері де көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Кolesa.kz таратқан мәліметке сүйенсек, АЕК-тің жаңа мөлшері 5%-ға өскендіктен, көлікті Қазақстанға әкелгенде төленетін утилизациялық алым да сол мөлшерде көбейеді. Оны қазақстандық автоөндірушілер, ресми импорттаушылар және елге шетелден (ЕЭО немесе өзге елдерден) көлік әкелетіндердің барлығы төлеуге міндетті. Утилизациялық алым көлікті ел аумағында тіркемес бұрын төленеді.

Утилизациялық төлемді есептеуде базалық мөлшерлеме ретінде 50 АЕК қолданылады (2022 жылы 153 150 теңге болады), оны көліктің түрі мен категориясына байланысты коэффициентке көбейтеміз. Биыл маусымнан бастап электромобильдер утилизациялық алымнан босатылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: