Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер артады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 15:10 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырад

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: