Елімізде жұмысынан және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер өсті

Елімізде әлеуметтік төлемдер өседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 10:21 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған, мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жұмысынан айырылған кездегі әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын табысты ауыстыру нормасы 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды.

Биыл 117 мыңға жуық азамат бұл әлеуметтік төлемді ұлғайтылған сомада алады деп жоспарланып отыр. Орташа өсім - 13%.

Сонымен қатар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. Биыл мұндай төлемді 500 мыңнан астам ата-ана алады.


"Сонымен қатар негізгі мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасына 8,5% ұлғайтылды", - делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: