Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жұмыссыз қалғаны үшін берілетін төлем ұлғаяды

әмиян, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 10:50 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа есеппен 13% ұлғаяды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты жұмысынан айырылу бойынша 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлем жоғалған табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін табысты алмастыру коэффициентін 40-тан 45%-ға дейін арттыру көзделген. Нәтижесінде, осы төлемдердің мөлшері орта есеппен 13% ұлғайтылады, - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствода жұмыс берушілердің МӘСҚ-ке олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері өзгеріссіз қалатыны айтылды.

Сонымен бірге аталған құжатта табысты жоғалту бойынша әлеуметтік тәуекелдердің барлық 6 түрі бойынша (жұмысынан айырылу; еңбекке қабілеттілігінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу) жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмысшылардың мына санаттарын қосу ұсынылады:

  • - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

  • - интернет-платформалар мен платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшалары арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар. Бұл ретте интернет-платформа операторы жеке тұлға үшін шарт бойынша алынған табыстың 1% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар жүргізетін болады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналғанын естеріңізге сала кетейік. Сондықтан да әлеуметтік төлем құқығы жұмыстан босатылған адам жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап пайда болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: