Метеорологтар ауасы ластанған аймақтарды атады
«Қазгидромет» атмосфералық ауа сапасы туралы есеп берді.
1-7 наурыз аралығында:
Нұр-Сұлтанда шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК-дан) асудың 786 жағдайы тіркелді. Қала ауасы ең көп ластанған көше – Байтұрсынов.
Алматыда 367 нормадан асып кету дерегі тіркелді. Қалада ауасы қатты ластанған аудан – Түрксіб.
Атырауда ШЖҚ-нан асып кетудің 42 жағдайы тіркелді. Сырдария көшесі, 3 ауданында атмосфера ауасы ең көп ластанған.
Қарағандыда 809 нормадан асып кету жағдайы тіркелді. Қала ауасы ең көп ластанған аудан – 3-ші Кочегарка көшесі (Пришахтинск).
Жезқазған қаласында 178 нормадан асып кету оқиғасы тіркелді. Қала ауасы ең көп ластанған аудан – М.Жәмиля, 4 В.
Өскеменде ШЖҚ-нан асып кетудің 16 жағдайы тіркелді. Қала ауасы ең көп ластанған Петербург коммунарлары көшесі маңы.
Павлодарда ШЖҚ-нан асып кетудің үш жағдайы тіркелді. Қала ауасы ең көп ластанған Каз.Правды көшесі.
Шымкентте ШЖҚ-нан асып кетудің 98 жағдайы тіркелді. «Нұрсәт» ықшамауданының ауасы ең көп ластанған.
Ақтөбеде ШЖҚ-нан асып кетудің 30 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Рысқұлов көшесінің ауданында ең көп ластанған.
Қызылордада ШЖҚ-нан асып кетудің 10 жағдайы тіркелді. Ауасы ең көп ластанған аумақ Берденов көшесі ауданында.
Балқаш, Петропавл және Теміртау қалаларында ШЖҚ-нан асып кету фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар Қазақстанның бірде-бір нүктесінде өте жоғары ластанудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеген.