Жаңалықтар тізбегі
0

9 наурыздан бастап Алматыда тегін көшет алуға болады

ағаш егу, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 14:52 Сурет: Zakon.kz
Тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл аула» науқаны 9-18 наурыз аралығында Алматы тұрғындарының өтінішін қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі «Жасыл аула» науқанының басталғанын хабарлады. Бұл науқанға көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әр алматылық қатыса алады. Тұрғындардың шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайың сияқты көшеттерді тегін алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, науқан қатысушылары еккен ағашын үш жыл бойы күтіп-баптайтыны туралы міндеттемеге қол қояды.

Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына мынандай мәліметтерді жолдау қажет:

  • Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш егілетін орынның нақты мекенжайы;

  • Ағаш егілетін орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

  • Көшет түрі мен саны.

Өтініштер 9-18 наурыз аралығында қабылданады. Науқанға қатысушылардың өтініші 19-27 наурыз аралығында қарастырылады. Ал ағаш егу 28 наурыз бен 12 сәуір аралығына жоспарланған.

Көшеттерді Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 155а ( «STAMP SERVICE» ЖШС базасы) мекенжайынан алып кетуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: