Алматыда көгалдандыру үшін тегін көшеттер таратылады: акцияға қалай қатысуға болады

Алматыда көгалдандыру үшін тегін көшеттер таратылады: акцияға қалай қатысуға болады , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 10:38 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Жасыл аула" акциясына қатысу үшін қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдау басталды.

Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады.

Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:

  • Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
  • Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);
  • Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.

Акцияға қатысатын қала тұрғындары болашақта көшет отырғызу туралы фоторепортаж ұсынуы қажет.

Акция бойынша қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны басқару басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 771 894 34 57.

"Жасыл аула" акциясы — Алматының барлық тұрғындары үшін қаланы көгалдандыруға өз үлесін қосып, оны одан да жасыл әрі жайлы етуге бірегей мүмкіндік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: