Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау бойынша эко-акция басталды

Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында пластикалық қақпақтарды жинау бойынша акцияның кезекті циклі басталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 09:14 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында пластикалық қақпақтарды жинау бойынша акцияның кезекті циклі басталды.

Акцияға әр түрлі жастағы оқушылар, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысады. Жиналған қақпақтарды оқушылар қала аудандарындағы кез келген коммуналдық орталықтардан немесе Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 мекенжайындағы EcoNetwork Эко – хабына тапсыра алады.

Акцияның негізгі мақсаты-экология және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне назар аудару, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаның тазалығы мен сақталуы үшін жауапкершілігін қалыптастыру.

Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айында бұл акция балалар мен олардың ата-аналары арасында кең тараған. Содан кейін қаланың 200-ден астам мектептері мен балабақшаларының оқушыларынан 1,26 миллионнан астам пластикалық қақпақ жиналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: