Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылғы «Жер сағаты» акциясы 26 наурызда өтеді

жер сағаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 12:02 Сурет: pixabay
 «Жер сағаты» (Earth Hour) дегеніміз – дүниежүзінде жылына бір рет наурыз айының соңғы сенбісінде өтетін ауқымды экологиялық шара. Бұл күні дүниежүзі халқы белгіленген уақытта жарық пен басқа да электр құралдарын бір сағатқа сөндіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қоршаған ортаға, планетаға, климат өзгерісіне бір сәт көңіл бөлуді мақсат ететін акция 26 наурызға белгіленген. Осы күні әлем жұртшылығы 1 сағат электр қуатынан бас тартып, экология мәселесіне назар салады.

Мұндай экологиялық ауқымды шараны Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры (WWF) ұйымдастырады. Қазақстандықтар да мұндай әрекетке қолдау білдіріп, жыл сайын атсалысып келеді.

Бұл экоакцияның мақсаты – бүкіл әлем қауымдастығың назарын планетамыздағы климат өзгеруі проблемасына аудару. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен іс-қимыл қажет екенін білдіру, адамдарды ортақ идеяға жұмылдыру.

Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры алғаш рет қоршаған ортаны қорғау үшін күресте өзінің ынтымақтастығын көрсету мақсатында электр қуатын бір сағатқа өшіру идеясын ұсынды. Бұл 2007 жыл еді. Сол жылы Сиднейде (Австралия) алғаш рет «Жер сағаты» акциясы өтті.

Келесі жылы бұл шара кең қауымдастықтың қолдауына ие болды. Акцияға әлемнің 35 елінен 100 миллионнан астам адам қосылды. Содан бері «Жер сағаты» акциясы халықаралық экологиялық бастамаға айналды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: