Құзырлы министрлік ел азаматтарын 22 наурызда жарықты қолданудан бас тарта тұруға шақырды
Сурет: pixabay
Экология министрлігі 22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам жарықты және электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.
"Сіздерді "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырамыз! Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз — себебі табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады". ҚР Экология министрлігі
Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript