Алматыда жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 22 сәуірде бүкіл әлемде Халықаралық Жер күні атап өтіледі. Бұл табиғатты құрметтеуге, экологиялық мәселелерді шешуге, ғаламшарды сақтауға, аялап баптауға, қамқор болуға үндейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол себепті Алматыда экобелсенділердің бастамасымен Almaty Clean & Green акциясының өтуі қисынды, деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тұрғындар бұл идеяны қолдап, кең ауқымды сенбілікке белсенді қатысып жатыр.
Қаланы қоқыстан тазартып, тал егуге отбасымен де келгендер бар. Олардың арасында Бақтияр Тайлақбаев, Мақсат Базарбаев, Парвиз Назаров сынды шоу бизнес өкілдері де бар.
Акцияға қатысушыларды ару Алматының көркі көз тартар көркем табиғатын сақтауға деген ортақ мақсат біріктіреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



