Алматыда жасыл желекті зиянкестерден тазарту басталды

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 15:39 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жасыл алқаптарды зиянкестерден тазалау маусымының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Неғұрлым тиімді нәтиже алу үшін жасыл алқаптарды өңдеу түнгі уақытта 23:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның айтуынша, бұл уақыт жасыл желекті тазалауға қолайлы. Өйткені күн сәулесі болмаған кезде зиянкестермен күресудің тиімділігі артады.

Әкімдіктің хабарлауынша, зиянкестерден тазарту үшін Қазақстанда рұқсат етілген қауіптілігі төмен класты биологиялық препарат қолданылады.

Препараттардың ерекше иісі бар. Бірақ қоршаған ортаға, адам денсаулығына, соның ішінде үй жануарларына, құстарға зиян келтірмейді.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жасыл алқаптарды зиянкестен тазарту қала бойынша жүргізілмек. Бірінші кезең бір айға созылады. Келесі үш кезең маусым, шілде және тамыз айларына жоспарланған.

Жоспар бойынша аулалардағы, алаңқайлардағы, саябақтардағы және басты көшелердің бойындағы жасыл желектер өңделеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: