Жаңалықтар тізбегі
0

Мамандар Алматы ағаштарын биологиялық өңдеу үшін дрон қолданады

дрон, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 15:09 Сурет: Алматы әкімдігі
Квадрокоптер адам өте алмайтын, қолжетімсіз орындарды өңдеу үшін эксперименталды түрде қолданыла бастады. Мұндай тәсіл өңдеу аумағын кеңейтуге және жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда ағаштарды биологиялық өңдеу үшін дрон пайдаланылмақ. Биологиялық өңдеудің негізгі бөлігі механикалық аспалы бүркуіштің көмегімен жүзеге асады.

Қалада ағаштарды зиянкестерден сақтау үшін биологиялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Тиімділікті арттыру үшін жұмыстар түнгі уақытта сағат 23:00 мен 06:00 аралығында жүргізіледі. Аталған уақыт мұндай жұмыстар үшін қолайлы болып саналады. Себебі күн сәулесі дәрілік заттың зиянкестерге әсерін төмендетеді.

Синоптиктердің болжауынша, 21-27 сәуір аралығында жауын-шашын болады. Жауын кезінде биологиялық заттардың белсенділігі төмендейді. Сондықтан жасыл желекті биологиялық өңдеу жұмысы әзірше тоқтатылды.

Өңдеуге ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады. Оның өзіне тән иісі бар. Алайда қоршаған ортаға, адамдарға, үй жануарлары мен өзге де тірі ағзаларға еш зияны жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: