Жаңалықтар тізбегі
0

150 жылдан астам тарихы бар Баум тоғайының ағаштары кесілмек

Баум тоғайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2022 14:29 Сурет: Алматы әкімдігі
Тоғайдағы ағаштардың 3%-ынан астамы кесуді қажет етеді. Қазақстан ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баум тоғайы – 150 жылдан астам тарихы бар табиғи ескерткіш. Тоғайды жасау үшін жапырақты, қылқан жапырақты ағаштар мен жеміс ағаштары егілген. Мұндай өсімдіктер сол жылдары біздің аймаққа Еуропа, Америка, Шығыс Азия сияқты басқа елдерден әкелінді. Ал 2021 жылы тоғай экожүйесіне ғылыми зерттеу жүргізілді. Тоғай 2006 жылдан бері Үкіметтің арнайы қаулысы бойынша республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енген. Верный қаласының бас бағбаншысы Э.О.Баумның (1850 – 1921) құрметіне баққа Баум аты берілген. 

Зерттеулерден соң 104 000 ағаштың 3311-і авариялық, жарамсыз немесе зақымданғаны анықталды. Бұл – 104 мың ағаштың 3,1%-ы жарамсыз немесе ағаш зеңін жұқтырған деген сөз. Оның ішінде 26 047 ағаш әлсізденген, 11 140 қураған, тағы 3311 ағаш бірінші кезекте кесілуі керек.

Биыл санитариялық мақсатта 500 ағашты кесу жоспарланған. Оның ішінде 386 үйеңкі, 114 шегішін ағашы бар. Апатты ағаштың орнына жаңасы егіледі, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Тоғайдағы ағаштардың 3%-ынан астамы кесуді қажет етеді. Қазақстан ғалымдары осындай қорытындыға келді. Ғалымдардың айтуынша, ағаштардың мүлдем жарамсыз болып қалуы – табиғи процесс. Әр 10 жыл сайын табиғатта ағаштардың 5-10%-ы жарамсыз болады. Жасанды жағдайда мамандардың көмегі керек.

Апатты ағаштар зең ауруларынан зардап шегеді. Егер олар жақын арада кесілмесе, келесі 10 жылда бүкіл тоғай жойылуы мүмкін, – деді академик Бұлкайр Мәмбетов.

Зиянкестер мен аурулардың таралуын тоқтату үшін жарамсыз ағаштарды, құрғақ бұтақтарды, апатты ағаштарды алып тастау, құрғақ бұтақтарды кесу және тоғайды қоқыстардан тазарту жоспарланып отыр.

Апатты ағаштардың орнына жаңасы егіледі. Санитарлық кесу бойынша қоғамдық тыңдаулар маусым айына белгіленген. Тоғайдағы барлық жұмыс заңнама нормаларына сай жүргізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: