Жаңалықтар тізбегі
0

Ұйқының қанбауы баланың зейініне, жадысына, көңіл-күйіне кері әсер етеді – зерттеу

Зерттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2022 16:42 Сурет: pixabay
Мэриленд университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олардың пікірінше, балалардың ұйқысының қанбауы депрессия, мазасыздық және импульсивті мінез-құлық қаупін арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар күніне кемінде тоғыз сағат ұйықтауы керек. Бұлай болмаған жағдайда тәулігіне тоғыздан 12 сағатқа дейін ұйықтайтын балалармен салыстырғанда мұндай баланың миында есте сақтау, ақыл-ой және әл-ауқатқа жауап беретін белгілі бір аймақтарында айтарлықтай өзгерістер орын алады, деп жазады gazeta.ru.

Зерттеуге тоғыздан 10 жасқа дейінгі 8 300-ден астам бала қатысты. Ғалымдар МРТ деректерін тіркеп, медициналық жазбаларды және қатысушылар мен олардың ата-аналары толтырған сауалнамаларды зерттеді. Ерік білдірген адамдарды одан кейінгі екі жыл бойына өз бақылауларына алды.

Біз ұйқысы қанбаған балаларда ұйқысы қанып тұратын балалармен салыстырғанда мидың назар, есте сақтау және эмоция қабілеттеріне жауап беретін аймақтарында сұр зат аз болғанын байқадық, – деді зерттеу авторы Зе Ванг.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: