Жұмыстағы басшылықтың күйзелісі қызметкерлерге де әсер етеді

Ұжым, қызметкерлер, стресс, күйзеліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 12:30 Сурет: pixabay
Дания мен Германия ғалымдары зерттеу жүргізіп, "күйзеліс шынымен де "жұқпалы", ол бастықтан қол астындағыларға беріледі" деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

BMC Public Health журналының жазуынша, зерттеушілер мекеменің 5600-ден астам қызметкері мен жетекшілерінің деректеріне талдау жасаған.

Олар күйзелісті бір жылдан кейін де сезінуге болады деп есептейді. Ал қысым жағдайы екі жылдан кейін ғана толығымен жойылады.

Сондықтан басылымда атап өтілгендей, мамандар басшылықты ашуландырмауға, ренжітпеуге кеңес берді.

Қорытындылай келе, олар ұжымдағы "психоәлеуметтік салауаттылық" маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: