Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрлігі Өскемендегі қалың түтіннің себебін атады

Өскемен, түтін, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 18:18 Сурет: Instagram/osa_uka_vko
29 қарашада Қазнетте Өскемен тұрғындарының шағымы жазылған ақпарат пайда болды. Азаматтар қалада дем алатын таза ауа жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар желі қолданушыларының бірі "Далада жүріп, құсқым келді" деп айтты. Тағы бір пікір қалдырушы: "Ауадан тамағым күйіп кетті". Көлікте келе жатып та, тұншығып қала жаздадым" деп жазды.

Zakon.kz түсініктеме алу үшін Экология министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомствода қалада екінші дәрежелі Жағымсыз метеожағдай (қолайсыз ауа райы) болжамы жарияланғанын түсіндірді.

Сонымен қатар 35 градус аязға байланысты жеке сектор, жылу электр стансалары мен қазандықтар барынша қуатта жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Оған қоса Өскемен арқылы тікелей ағатын Ертіс және Үлбі өзендерінің табиғи булануы байқалды.

"Жоғарыда аталған факторлардың барлығы атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Күкірт диоксиді мен қалқымалы заттардың шамалы артық болуы фактілері бар".ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Кәсіпорындар қалыпты жұмыс істеп жатыр деді департамент.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов елордадағы қысқы түтін мәселесі неге әлі шешілмей жатыр деген сауалға түсініктеме берген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: