"Жалаң құм": Блогер таяз Каспийді тағы көрсетті
Сурет: видеодан скриншот
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің қалай таязданып бара жатқанын видео арқылы көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 желтоқсанда блогерлің Instagram-дағы парақшасында Темір баба қорымының аумағынан видео жарияланды.
Видео астындағы мәліметте бір кездері жағалау қаңырап қалған Ақсу балықшылар ауылына жақын болғаны жазылған (адамдар 1974 жылы осы жерден кеткен).
"Су бірте-бірте жағалау сызығынан алыстап, құмды жалаңаш қалдырады..." - делінген видеоның астындағы жазбада.
"Каспий шынымен Аралдың тағдырын қайталай ма?" Видеоны көрген желі қолданушылары осындай пікірлерін бөлісіп жатыр.
Бұған дейін блогер Каспий теңізінің тайызданып бара жатқанын өз видеоларында жиі көрсетіп жүрді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript