Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда электромобильдердің саны 65% өскен

Қазақстанда электромобильдердің саны 65% өскен, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 11:09 Сурет: Zakon.kz
Дегенмен салыстырмалы түрде олардың саны әлі де аз – 800-ден сәл асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл жыл басында республикада аралас отынмен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5% артық. Мұндай автокөліктердің үлесі Қазақстанда тіркелген барлық көліктердің 8,2%-ына тең.

Гибридті көліктер ауаны өндірушілер мәлімдегеннен де көбірек ластайды. Тәуелсіз ұйымдардың жасаған сынағы гибридті көліктер зертхана деректерінен гөрі көп жанармай жағатынын бірнеше рет растады.

Бұл ретте Қазақстанда электр қуатымен жүретін автомобильдер саны бір жылда 65,4% өсті. Дегенмен саны 812-ге ғана жетті. Мұндай айтарлықтай өсім 2017 жылдан бері және көрсеткіштің ұзақ мерзімді төмендеуінен кейін алғаш рет байқалды. Дегенмен Қазақстандағы электрмен жүретін көліктердің үлесі жалпы парктің елеусіз 0,02%-ына тең. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

Өңірлік тұрғыда аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелген: 74,3 мың автокөлік – бір жыл бұрынғыдан 3,6% көп.

Екінші және үшінші қатарда Ақтөбе (35,8 мың, плюс 6,4%) және Түркістан (23,1 мың, плюс 27,7%) облыстары орналасқан. Мұндай көліктердің ең азы Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облыстарында тіркелген. Мұндай статистика бұл аймақтардың жақында құрылуымен түсіндіріледі.

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы тұрғындары арасында тіркелген: былтыр жыл басында 43-і ғана болса, қазір 420 автокөлік. Екінші қатарда Солтүстік Қазақстан облысы: 108 дана. Үздік үштікті Астана жапты: бір жыл бұрынғы 35 көлікке қарсы 61 автокөлік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: