Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде екі миллиардқа салынған жолдар қайта төселетін болды

Транзит әлеуеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 21:59 Сурет: pixabay
Жылжымалы зертхана апта сайын жорыққа шығады. Биыл Алматы облысында 1810 шақырым жол осы көліктің сүзгісінен өткен

Стандарт сақтамағандар жұмысын қайта жасауға міндетті. Осы талапқа сәйкес, енді жол құрылысына жауапты мердігер компаниялар құны 2 миллиард теңгенің жолын қайта төсейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жыл басынан бергі осындай тексеріс нәтижесін жариялады, делінген КТК жаңалықтарында.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 13 мыңы жаңартылған. Жолдағы сапа қалай қадағаланады? Алматы елдің оңтүстігінде орналасқанмен, тоғыз жолдың торабында деп айтуға толық негіз бар. Транзит әлеуетіміздің айнасы есептелетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай осы жақты кесіп өтеді. Арғысы арқаны, бергісі шығысты жалғап жатыр. Республикалық маңызы бар торапта жол салу, жөндеу жұмысы тоқтаған емес. Ал мердігер атқаратын істе ақау кетпеуін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қадағалайды.

– Үш жүз сексен жеті де нөл. Бұл – сынамалардың тығыздығы. Қазір алынған сынамалардың тығыздығын есептеп жатырмыз. Әр сынама белгілі бір участоктен алынған.

Зертханадағы қызметкерлер құдды ұстадай. Әр сынаманы суға да, отқа да салып егжей-тегжей тексереді. Тек талапқа сай сынақтан өткеннен кейін ғана мердігер компанияға аяқтаған аумағын өткізуге рұқсат беріледі. Биыл Алматы облысының аумағында 1762 сынама алынып, 854 ақау тіркелген.

Норматив құжаттарға сәйкес емес, болмаса жобаға сәйкес емес жұмыстар атқарылып жатса, соны тіркейміз, одан кейін тапсырыс берушіге хат жолдаймыз. Егер кемістігі жойылған болса , содан кейін бізді қайта шақыртады. Тағы бір тексереміз де, содан кейін жолды қабылдай береміз. Бір аптаның ішінде тапсырыс беруші ешқандай шара қолданбаса, одан кейін мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының формасы бар, сол формамен хат толтырып жібереміз. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облысы филиалының директоры Жасұлан Керімқұлов

Жылжымалы жол зертханасы. Арнайы камерамен жарақтандырылған.

– Жол учаскелерін қалай тексереді? Мониторды қарап отырмыз, бұл жақта қалай тексересіздер?

– Бұл мониторда алынған дерек нақты уақытта беріледі, атап айтқанда, жол ақаулары, біркелкілігі, GPS координаттары және жол белгісінен алынған деректер.

Жылжымалы зертхана апта сайын жорыққа шығады. Биыл Алматы облысында 1810 шақырым жол осы көліктің сүзгісінен өткен. Заманауи құрылғы арқылы автоматты түрде қажет ақпарат алынып қорытылады.

Жаңа технологияның арқасында көліктен түспей-ақ жолдағы ақауды анықтауға болады.

Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым. Оның 25 мыңы – республикалық маңызы бар деген санатта. 2000 жылдан бері республикалық тас жолдың 13 мыңнан астам шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылған. 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Шучье алғашқы ақылы тас жолы іске қосылса, бүгінде халықаралық стандартқа сай ондай жолдардың қатары әлдеқайда артқан.

2018 жылы біз оған қосымша тағы үш жолды қосқан болатынбыз. Бұл Нұр-Сұлтан – Қарағанды және Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас автомобиль жолдары. Биыл тамыздан бастап тағы да бірінші санаттағы еліміздегі автомобиль жолдарына ақы алу жүйесі енгізілген. Ол Қайнар – Тараз, Тараз – Шымкент, Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Астана – Павлодар.«Қазавтожол» ҰК Торапты дамыту департаментінің директоры Ерлан Қалымов

Жол саласында жаңалық көп болғанмен, әлі атқарылатын жұмыс одан да көп. Жоспардан жаңылмаса, «Нұрлы жол» жобасы аясында 2025 жылға дейін тағы 12 мың шақырым республикалық маңызы бар жол жаңартылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: