Соңғы он айда 28 мың адам елден көшіп кетті
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, өткен жылы 27 723 адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Олардың ішінде білікті дәрігерлер, мұғалімдер, қаржыгерлер бар, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстанға көшіп келушілер де жоқ емес. Айталық биыл елімізге 8300 адам қоныс аударған.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің жалпы санының үлесі сәйкесінше 84,4% және 85,9% құрады.Ұлттық статистика бюросы
Сонымен қатар ел ішінде көшіп-қону бойынша 2020 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда, 5,3%-ға азайған.
Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларына және Маңғыстау облысына (238 адам) көшіп келушілер саны арта түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript