Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға адамдар қай елден көбірек көшіп келген

Көші-қон, Қазақстан, шетелдіктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 17:47 Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 12 сәуірде Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы Қазақстанға қанша адам және қайдан көшіп келгені туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген деректерге сәйкес, 2023 жылы Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында 25 387 адам келіп, ал елден кеткен адамдардың саны 16 094-ті құрады.

"Осылайша, 2011 жылдан кейін алғаш рет көші-қонның оң сальдосы тіркелді: 9 293 адам. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы Қазақстанға келушілер саны 45,7%-ға өсті, ал елден кеткендер саны 33,3%-ға төмендеді", - деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Шетелдіктер қоныстанған қалаларға келетін болсақ. Бұл, негізінен, Алматы қаласы (6 409), Маңғыстау (3546) және Қостанай (2367) облыстары.

Негізінен, Қазақстанға адамдар ТМД елдерінен көшіп келген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86,3%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 77,3% құрады.

Сондай-ақ, ұлттық бюро 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі көші-қонның өскенін атап өтті.

"Ел ішінде көшушілер саны 27,5%-ға артты. Халықтың көші-қонының оң сальдосы республикалық маңызы бар үш қалада байқалды: Астана (50 078 адам), Алматы (38 113 адам) және Шымкент (3 416 адам)", делінген ведомство хабарламасында.

1 наурызда Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың саны қанша болғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: