Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған
Сурет: pixabay
Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы есебінде айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бюроның мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13 652, ал елден кеткендер саны 6 996 адам болған. Көші-қон сальдосы – 6656 адам.
"2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды". Ұлттық статистика бюросы
Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript