Адам көп көшіп келетін еліміздегі өңірлердің аты аталды

Көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 19:55 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680, ал елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елге көшіп келушілер саны 10,9% -ға өскен.

Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. Атап айтқанда:

- Алматы - 6 782 адам,

- Астана - 6 443 адам,

- Шымкент - 241 адам,

- Алматы облысында - 223 адам. 

Сыртқы көші-қон сальдосы – 5 016 адам.

2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өскен, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі - 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.


Сурет: Ұлттық статистика бюросы


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: