Бельгия 2025 жылға дейін жеті ядролық реакторды жабуға келісті
Сурет: pixabay
Энергия тапшылығы мен бағаның ауытқуы бойынша бірнеше апта бойғы қызу пікірталастардан кейін ядролық энергетикадан бас тарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл шешім энергетикалық тәуелсіздік мәселесі бойынша алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды The Brussels Times .
Еуропаға табиғи газды басты тасымалдаушы Ресей екенін ескерсек, бұл мәселеде геосаяси салдар бар.
Ел билігі екі нұсқаны қарастырды: барлық АЭС-терді жабу немесе энергия тапшылығы туындаған жағдайда екі жаңа реакторда жұмыс істеу жайын.
Қызу пікірталастан соң партиялар өзара ымыраға келуде жаңа шағын модульдік АЭС бойынша инвестициялар мен зерттеулер жөнінде ортақ пікірге келді.
Соңғы шешім Ядролық бақылау жөніндегі федералдық агенттігінің есебін қараған соң 2022 жылдың наурызынан кейін қабылданады. Агенттік екі реакторды "күту режимінде" қалдыруға болатындығын зерттейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript