Мұнай қымбаттады. Brent маркалы мұнай бағасы 92 доллардан асты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазан айынан бері алғаш рет барреліне 92 доллардан асты, деп хабарлайды Zakon.kz
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың сәуірінде жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 1,08%-ға өсіп, 92,09 долларға жетіп отыр.
Бұған Мәскеу уақытымен 11.51-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 14.51) сауда алаңының мәліметтері дәлел.
Мәскеу уақытымен 11.48 (Нұр-Сұлтан уақытымен 14.48) жағдай бойынша Brent мұнайының бағасы 1,09%-ға өсіп, барреліне 92,1 доллар болды.
Айта кетейік, Brent маркалы мұнайдың бағасы кейінгі рет 2014 жылдың қазанында барреліне 92 доллардан асқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript