Brent маркалы мұнай бағасы 25 сәуірден бері алғаш рет 100 доллардан төмен болды

мұнай бағасы түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 09:14 Сурет: Zakon.kz
Brent маркалы мұнайдың бағасы 25 сәуірден бері алғаш рет барреліне 100 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда деректері бойынша баға 2,84 пайызға төмендеп, 99 доллар 85 центті құрады. Артынша мұнай бағасы сәл көтеріліп, 100,07 долларды құрады.

2022 жылдың тамызында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 2,87 пайызға төмендеп, барреліне 96,65 долларды құрады.

Goldman Sachs бағаның төмендеуін сұранысқа кері әсерін тигізуі мүмкін рецессия қаупінің күшеюімен түсіндірді.

Инвесторлар тәуекелден аулақ жүреді, деп түсіндіреді Bloomberg және күшті доллар басқа валюталардың иелері үшін мұнайды қымбаттатады.

Соңғы екі сауда күнінде, 5 және 6 шілдеде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы абсолютті мәнде 13 долларға арзандады. Норвегиядағы мұнай-газ өнеркәсібінің ереуілінің өзі баға белгілерінің күйреуіне ықпал ете алмады – осы аптада Солтүстік теңіздегі Гудрун, Осеберг Оңтүстік және Осеберг Шығыс кен орындары наразылықтарға байланысты жабылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: