Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтерді

Ұлттық банк, доллар өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 12:18 Сурет: ҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады.

Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.

Баспасөз хабарламасы сағат 13:00-де жарияланады.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 15,3 теңгеге көтеріліп, 452,49 теңгені құрағанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: