Ұлттық банк 98,1 млн долларға валюталық интервенция жасады
Сурет: zakon.kz
Әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE қор биржасында сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.
Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:00-де доллардың орташа сараланған бағамы бірден 28,34 теңгеге көтеріліп, 495 теңгеге жеткенін хабарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript