Мұнайдың бір баррелінің құны 117 долларға жетті

Қор биржасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2022 12:07 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мұнайдың әлемдік бағасы 23 наурыздағы сауда-саттық барысында алдыңғы сессия қорытындысы бойынша біршама төмендеуден соң қайта бас көтеріп, өсе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бойынша бір баррельдің құны 116,7 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу кезінде тіркелген бағадан 1,06% жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айындағы фьючерстері бойынша бір баррельдің құны 110,38 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен 1,02% - ға жоғары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: