Алтын қайта қымбаттай түсті
Сауда деректеріне сәйкес, Мәскеу уақытымен 8:05-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:05) Нью-Йорк Comex биржасында алтынның маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 11,34 долларға немесе 0,62%-ға өсіп, бір троя унциясы 1853, 43 доллар болды.
Оған қоса, шілде айындағы күміс фьючерстері 0,95%-ға қымбаттап, унциясы 21,878 доллар болды.
Қымбат металл бағамына доллар индексі ықпал етіп отыр, ол 0,43%-ға төмендеп, 102,7 тармаққа жетті. Арзан доллар алтынға деген сұранысты арттырады, деп жазды Прайм.
Oanda сарапшыларының пікірінше, алтын 1800 доллар деңгейінен әлдеқайда жоғары әрі қаржылық болжамға сәйкес, қайтадан тартымды болуы мүмкін, өйткені инвесторлар қор нарығында сауда-саттықтың тағы бір раундын күтеді.