Елімізде баспана тағы қымбаттай түсті
Сурет: pixabay
Елімізде баспана бағасы бір айда 5,5 пайызға көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баспана тағы қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше баға бір айда бес жарым пайызға көтерілген.
Әсіресе қолданыста болған үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр. Шаршы метрінің орташа құны 432 мың теңгеге жетті.
Яғни бір айда 5,5; ал бір жылда 24 пайызға шарықтап отыр. Ал жаңа үйлердің бағасы ақпанда 0,4 пайызға көтерілген. Жылдық өсім 14,6 процент.
Бұған дейін жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары доллармен бірге баспана бағасы да қымбаттайтынын айтқан еді. Өйткені импорттық құрылыс материалдарының үлесі басым.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript