Бидай бағасының әлемдік өсуіне байланысты Қазақстанда нан қымбаттай ма
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев нан бағасының өсуіне алғышарттар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бидайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр, бірақ біздің Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бидайдың қорын қалыптастырды. Біз қазір өңірлерге әлеуметтік нан үшін арзанырақ астық жеткізуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне алғышарттар болған жоқ, жоқ және болмайды да, - деді Ербол Қарашүкеев үкімет отырысында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы 15 маусымға дейін Қазақстанда бидай мен ұнды экспорттауға квота бар екенін қосты. Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты, жаңа өнім келгенше қор жеткілікті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript