Жаңалықтар тізбегі
0

Мұнай өңдеу зауыттарында жоспардан тыс 410 іркіліс фактісі тіркелді – Тоқаев

Мұнай өңдеу зауыты, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 12:24 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға қарамастан, елде жыл сайын мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Менің тапсырмам бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарының қызметіне тексеру жүргізілді. Мәселен, 2020-2021 жылдары жоспардан тыс іркілістің 410 фактісі тіркелді (Атырау мұнай өңдеу зауытында – 372, Павлодар – 14 және Шымкентте – 24).ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мұнай өңдеудің қазіргі процессингтік схемасы пайдасыз делдалдарға кірістің негізгі бөлігін алуға мүмкіндік берді, ал зауыттар жеткілікті қаржыландырылмай қалды.

Мұнай өндіруші компаниялар мен зауыттардың өзі мұнай өнімдерін өткізуді көздейтін аралас схемаға көшу туралы шешім қабылданды. Бұл олардың кірістерін арттыруға мүмкіндік береді, оны өндірісті жаңғыртуға және жалақыны көтеруге пайдалануға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: