Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан жыл соңына дейін Ресейден 168 мың тонна қант сатып алады

ЕЭК, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 20:44 Сурет: pixabay
Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін жоспарлы көлемді ұлғайтуға, 168 мың тоннаға жеткізуге келісті. Бұл шешім Витебскідегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының нәтижелері бойынша қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарына қолда бар ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өзара сауда шеңберінде қант жеткізу келісімшарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды

Бұл ретте тараптар одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығын қантпен қамсыздандыру басымдығын, сондай-ақ Ресей Федерациясында қолданылатын мұндай тасымалдарға қатысты шектеулер 2022 жылғы 31 тамыздан ары ұзартылмайтынын негізге алуы тиіс.

Консультациялар қорытындысы бойынша ЕЭК алаңында келісімшарттар жасасу және қажетті қант көлемін 1 қыркүйектен кейін жеткізу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер берілді. Атап айтқанда, Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін жоспарлы көлемді 168 мың тоннаға дейін ұлғайтуға келісті. Осы жаңалықтардан кейін нарықтағы барлық алыпсатарлықтарға нүкте қойылатындығына күмәнім жоқ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: