Қазақстанда бидай мен ұн экспортындағы шектеу шаралары алынып тасталуы мүмкін
Сурет: pixabay
Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға бидай мен ұнды шығаруға енгізілген шектеу шараларын алып тастау мүмкіндігін қарастыру ұсынылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Facebook-тегі парақшасында министр Қазақстанда 30 қыркүйекке дейін 550 мың тонна астық және 370 мың тоннадан аспайтын ұн шығару квоталары енгізілгенін еске салды.
Бұл шектеулер енгізілген кезде, біз, ең алдымен, күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, ішкі нарықта азық-түлік дағдарысын болдырмай, сақтауға тырыстық. Оның үстіне, сол кезде Қазақстанда өнімнің қандай болатынын болжап, білу мүмкін болмады. Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Дегенмен ол қазір жағдай өзгергенін, бүгінгі бидайдың жалпы түсімінің оптимистік болжамы шамамен 13 млн тонна көлемінде болатынын айтты.
Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір көп. Сондықтан біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық пен ұнды шетелге шығаруға рұқсат беруді орынды деп санаймыз. Себебі былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, биылғы жылғы өнім қазақстандық және экспорттық нарыққа да жетеді. Сондықтан, алдағы өтетін жиында біздің бұл ұсынысымыз қолдау тауып, қыркүйек айында барлық экспорттық шектеулер алынады деп үміттенеміз. Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 млн тонна бидай мен 300 мың тонна ұн экспортталды.
Қазақстан Астық одағының деректеріне сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша бидайға қатысты квотаны игеру көлемі - 69%, ұн - 86%.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript