Бидай мен ұн экспортына енгізілген шектеу қыркүйектің соңына дейін ұзартылды
Сурет: pixabay
ҚР АШМ 30 қыркүйекке дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еске салсақ, 15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын.
Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаны игеру 50 пайыз, ұн бойынша 87 пайыз болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript