Министрлік жанар-жағармай құю бекетіндегі төбелестің видеосына қатысты түсініктеме берді
2022 жылы 2 қыркүйекте жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Алматы қаласындағы жанар-жағармай құю бекеттерінің (ЖЖҚБ) бірінде жүк көліктері жүргізушілері арасында болған делінген төбелестің видеосы пайда болды.
ҚР Энергетика министрлігі таратылатын ақпараттың мазмұны шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда: "Алматыда ЖЖҚБ-ның бірінде дизель отынына таласқан жүк көліктерінің жүргізушілері төбелесті" деген тезис дұрыс емес екені айтылады.
Бұл оқиға 2022 жылы 31 тамызда сағат 19-40-та Алматы қаласында емес, Жамбыл облысының Қордай ауылында орналасқан "Helios" ЖШС-ға тиесілі ЖЖҚБ тұтынушылары арасында орын алған. Төбелестің себебі - кезекке тұру кезіндегі жанар-жағармай құю бекетінің тұтынушылары арасындағы айтыс-тартыс. Сол арадағы өзге адамдардың айқай-шуға араласуының арқасында жанжал бірден тыйылды, төбелес аталған бекеттің жұмысына және басқа тұтынушыларға әсер етпеді, ал өзара дауласқандардың ешқайсысы полицияға шағыммен жүгінбеген. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін ҚР Энергетика министрлігі мен ЖЖҚБ желілері тәулік бойы жұмыс істейтін "шұғыл байланыс желісін" іске қосты. Өтініштердің көбісі WhatsApp арқылы келіп түседі, келіп түскен хабарламалардың 50% - дан астамы осындай форманы құрайды. ҚР Энергетика министрлігінің "шұғыл байланыс желісі" қосылғалы бері барлығы 150 өтініш бойынша жұмыс жүргізілген екен.
2022 жылы 2 қыркүйекте отандық БАҚ-тың бірінде Алматыда ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері дизель отынына таласып, төбелесті делінген видео жарияланды.