Жаңалықтар тізбегі
0

БҒМ «төрттікке» наразы болып, сотқа жүгінген ата-ана оқиғасына қатысты түсінік берді

Баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 19:56 Сурет: pixabay
ҚР Білім және ғылым министрлігі павлодарлық оқушының ата-анасы сотқа берген "төрттік" дауына қатысты түсінік берді. Құзырлы ведомства бұл оқиға 2016 жылы, яғни Kundelik бойынша қорытынды бағаны автоматты түрде шығару жүйесі болмаған кезде орын алғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Білім министрлігінің баспасөз қызметі бұл арада сабақ үстінде қойылған баға емес, тоқсанды қорытындылау кезінде орташа арифметикалық есептеуге қатысты дау туралы сөз болып отырғанын нақтылай кетті. Жалпы ортақ балды есептеу кезінде қателікке жол берілген.

Қазіргі уақытта орташа бағаны есептеп шығару кезінде дәлсіздік мәселесі жойылған, өйткені бұл процесс автоматтандырылғандықтан ондай қатеге мүлде жол берілмейді. Мектептерде "Күнделік" электронды журналдары қолданылады.

ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес, бағаларды қайта қарауға жол берілмейтініне назар аудара кетелік. Өкінішке қарай, кейде ата-аналар балаларының білімін бағалау кезінде мұғалімдерге қысым көрсетуге тырысады. Біз ата-аналар қысым жасап, бағаларды қайта қаратуға тырысуын заңсыз жағдай деп санаймыз. Мұғалімдер өз ісін атқарады, біз оларға кедергі жасамауымыз керек. Бұл ретте біз, әрине, білімді объективті және әділ бағалау тәсілін қолдаймыз. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім беру институтының директоры Әлия Чокушева

Әлия Чокушева тілге тиек етілген оқиға жеті жыл бұрын орын алғанын атап өтті.

Бұған дейін павлодарлық оқушының анасы қойылған бағаны қайта қараудан пән мұғалімі бас тартқаны үшін сотқа шағымданғаны туралы ақпарат шыққан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: