Жеке олимпиадада балағат сөздер жазылған тапсырмаға БҒМ түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі жеке тұлғалардың олимпиадаларындағы тапсырмалары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде үшінші сынып оқушылары үшін онлайн олимпиададағы тапсырмада балағат сөздер кездесті деген ақпарат пайда болды. Бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.
Білім және ғылым министрлігі бұл деңгейдегі олимпиадаларды жеке тұлғалар ұйымдастыратынын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы болып табылмайды және оны өткізуге еш қатысы жоқ. Ал бұған дейін министрлік бірнеше рет жеке жарыстарға қатыспауға кеңес берген. Сонымен қатар, олар ақылы негізде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript